Басты бет Жаңалықтар Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде 32-орында

Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде 32-орында

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік бойынша әлемде 32-ші орында. Отыздыққа кірудің ауылы алыс емес секілді. Дегенмен, ең дамыған отыз елдің тізімі мен бәсекеге қабілеттілік рейтингі екі бөлек жасалатынын ескеру керек.

Швейцарияның IMD бизнес мектебінің жасаған рейтингінде Қазақстан былтырғы 47-ші орыннан биыл 32 орынға бір-ақ көтерілді.

Тізімді жасауда төрт 4 категория бойынша 20 параметрмен есептейді. Қазақстан осы көрсеткіштердің барлығында алға жылжыған. Атап айтар болсақ, төрт категория: экономика көрсеткіші, үкіметтің тиімділігі, бизнес пен инфрақұрылымның тиімділігі.

Ал жекелеген параметрлер 323 көрсеткіш бойынша есептеледі. Соның ішінде әлемдік ІЖӨ-ге үлесі, жанармай бағасы, капитал құнымен салыстырғанда салық деңгейі, мемлекеттік саясат ашықтығы мен шетелдік идеяларға ұлттық мәдениеттің ашықтығы.

Айта кетейік, әлгі рейтгте Ресей 46-шы орыннан көрінсе, Украина 60-шы орынға сырғыды.

Қазақстанның ілгері жылжуына әсер еткен бірден бір фактор «мемлекеттік қаржы» саласындағы оң өзгерістер. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 51-ші орыннан 4-ші орынға бір-ақ көтерілді. “Ішкі экономика” көрсеткішінен 40-шы орында.

Ал тізімнің көш басында екінші жыл қатарынан Гонконг орналасқан. Одан кейін Швейцария мен Сингапур. Төртінші орында АҚШ. Бесінші орын Нидерландыға тиесілі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version