Басты бет Жаңалықтар Мырзатай Жолдасбеков «Барыс» орденімен марапатталды

Мырзатай Жолдасбеков «Барыс» орденімен марапатталды

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековті қабылдады.

ҚР Президенті кездесуде Мырзатай Жолдасбековті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

«Тәуелсіздіктің алғашқы таңынан бастап Сіз әрдайым менің жанымда болдыңыз. Маған қолдау білдіріп, кеңесшім, Премьер-Министрдің орынбасары болып қызмет атқардыңыз. Мен Сізді жауапты лауазымдарға тағайындадым. Елші, университет ректоры болдыңыз, дипломаттарды тәрбиелеуге атсалыстыңыз. Белгілі ғалым, қаламгер ретінде кең танылдыңыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы кездесуде кезінде Мырзатай Жолдасбековтің ел алдындағы еңбегін ескеріп, қоғам қайраткерін І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Өз кезегінде М.Жолдасбеков қызметінің нәтижелерін жоғары бағалағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

«Мен тәуелсіздігіміздің қалыптасуындағы барлық процестің куәгері болдым. Жақсылық та, қиындық та, таршылық та бастан өтті. Бақытымызға орай, қазір егемендіктің арқасында жақсы өмір сүріп жатырмыз. Ел ішінде реформалар жүргізілуде, бәріміз күткен рухани жаңғыру басталды. Мен қашан да Сіздің қасыңызда, сенімді серігіңіз болып қала беремін», – деді қоғам қайраткері.

1 пікір

  1. Тугыры биик Таластагы , киели кара шанырак — Д.А.Конаев атындагы орта мектептин 3 — тулеги, мемлекет жане когам кайраткери Мырзатай Жолдасбековти сексеннин сенгирине шыккан биигимен куттыктаймын ??? Биздин киели мекен , бак орда , алтын уя — мектебимизден — ултына улги болган улы тулганын тулеп ушканын мактан етемиз ??? Мырзатай ага , Сиз туралы Журсин Ерман аганын , Аманжол Алтаев аганын жане де тура журип ,омирден таза откен нар акын Нарша Кашаганулынын арнау олендерин мектеп окушылары Нурланулы Елдос , Нурланулы Жандос пен Нурланулы Нургиса манерлеп жатка окиды ??? Мырзатай ага , Сиз отырган партада билим наримен сусындап отырган » Мангилик елдин » онегели оркендерине арман асуы алдарынан ак жолын ашсын демекпин ???

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version