Басты бет Жаңалықтар Алматыда Республика алаңы аумағындағы жолдар қоршауға алынды

Алматыда Республика алаңы аумағындағы жолдар қоршауға алынды

Қаладағы Cәтбаев көшесі бойымен Фурманов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында әскери техника тұр.

Барлық көліктер алаңды айналып өтіп жатыр. Салдарынан Республика алаңындағы аумақтарда кептеліс байқалады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Жаңа алаңда Балаларды қорғау күніне дайындық жүріп жатыр.

«Білім басқармасындағылар Балаларды қорғау күнін өткізуге байланысты 30 мамырдан 1 маусымға дейін Сәтбаев көшесі, Желтоқсан мен Фурманов көшелері сағат 9.30-дан 12.00-ге дейін жабық болатынын хабарлайды. Бағыттарыңызды алдын ала ойластыруларыңызды ескерте отырып, колайсыз жағдай туғызғанымыз үшін кешірім сұраймыз», — деді қалалық әкімдіктің өкілдері.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version