Не болды?
Қызылорда облысы Қазалы ауданында 10 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мемлекетке өткен жерден 86 миллион теңге түсті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Аудан прокуратурасы жүргізген талдау барысында жер заңнамасының талабы бұзылғаны анықталды. Кей жер учаскесі мақсатына сай қолданылмаған және заңсыз иелері анықталған.
Прокуратура тиісті қадағалау актісін енгізген. Нәтижесінде жалпы аумағы 10 мың гектар болатын жер телімі мемлекет қарамағына қайтарылды.
Жерді заңсыз пайдаланған азаматтар мен тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-бабына сәйкес шара қолданылып, уәкілетті органның шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қызылордада жаңа ботаника бағы ашылды.
