Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Маңғыстауда VI ғасырға тиесілі жәдігер табылды

Фото: Instagram

Не болды?

Маңғыстау облысындағы Қарақабақ қалашығының орнынан сирек кездесетін тарихи жәдігер табылды. Қыш құмыраны шамамен VI ғасырға тиесілі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Археологтардың айтуынша, көне қыш бұйымының ғасырлар бойы бүлінбей сақталуы өте сирек құбылыс. Қарақабақ қалашығынан табылған құмыраның бүтін күйінде сақталуы мамандар үшін құнды олжаға айналды.

Тарихи жәдігер туралы ақпаратты археолог Андрей Астафьев Instagram парақшасында жариялады. Әлеуметтік желідегі бейнежазбада құмыраны қазып алып жатқан сәт көрсетілген. Мамандар табылған бұйымды мұқият зерттеп шықты.

8 маусым күні археологтар Қарақабақ қалашығының орнынан бүлінбеген құмыра тапты. Бұл бұйымды жергілікті шеберлер VI ғасырда жасаған, – деп жазды Астафьев.

Қарақабақ қалашығы Маңғыстау облысындағы Таушық ауылы маңында орналасқан. Зерттеушілердің болжамынша, бұл көне қоныста адамдар I–VI ғасыр аралығында өмір сүрген.

Қарақабақтағы археологиялық зерттеу биыл маусым айында басталды. Жұмысты Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі жүргізіп жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» демалыс аймағында әуежай ашылады.

Мақалаға реакция