Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ерекше күнде үйлену үшін өтінішті қашан беру керек?

Фото: Depositphotos.com

Не болды?

Жыл сайын ерекше күнде үйленуді қалайтын жастардың саны артып келеді. Биыл 26 маусымда неке қию үшін өтінішті қашан беру керек екені белгілі болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Азаматтарға арналған үкімет жүйесінің мәліметінше, неке қиюға өтініш жоспарланған күннен кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын беріледі. Сондықтан 26 маусымда некесін тіркегісі келетін азаматтар құжатын 11 маусымға дейін өткізуге тиіс.

Егер дәл осы күні неке қиюды жоспарласаңыздар, өтінішті алдын ала беруді ұмытпаңыздар. Заңнама бойынша, өтініш тіркеу күнінен 15 күн бұрын қабылданады, — делінген хабарламада.

Неке қиюға өтінішті онлайн түрде eGov порталы арқылы беруге болады. Ол үшін «Отбасы» бөліміндегі «Отбасылық жағдай» қызметіне кіріп, «Неке қиюға өтініш беру» тармағын таңдау қажет. Өтініш берушілер қажет мәліметті толтырғаннан кейін электронды қолтаңба арқылы өтінішті растай алады.

Контекст

Естеріңізге салайық, биыл сталкиң бойынша 83 қылмыстық іс қозғалды.

Мақалаға реакция