Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Шоқан Уәлихан жайлы фильмге түсетін актерлар белгілі болды

Иллюстрация: Е-history.kz

Не болды?

Қазақтың көрнекті ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлиханов туралы жаңа деректі фильмнің түсірілімі басталды. Жобаның режиссеры Майя Бекбаева тарихи туындыда басты рөлді сомдайтын актерларды таныстырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Кастиң қорытындысы бойынша Шоқанның бейнесін жас актер Ерлан Құлмырза сомдайтын болды. Бұған дейін «Сәлем, Еуропа!» және «Қара қыз» сынды фильмде ойнаған актерды әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқыға салып, көпшілік келбетін Шоқанға ұқсатып та жатыр.

Шоқан, Ерлан Құлмурзин
Фото: Threads

Фильмде Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлихановтың рөлін актер Бақтияр Қожа, ал әжесі Айғанымның образын Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешова сомдайды. Сонымен қатар Салтанат Бақаева ғалымның анасы Зейнептің рөлінде. Жас Шоқанның бейнесіне Әбілмансұр Оралбек есімді жас актер таңдалды.

Шоқан фильм
Фото: Instagram
Шоқан фильм
Фото: Instagram
Шоқан фильм
Фото: Instagram
Шоқан фильм
Фото: Instagram

Майя Бекбаеваның айтуынша, фильмде Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен ғылыми қызметі таспаланады. Режиссер жобаға жиылған құрамды өзім армандаған шығармашылық топ деп айтты.

  • Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835–1865) – қазақтың тұңғыш ғалымының бірі, этнограф, тарихшы, зерттеуші және ағартушы. Бұған дейін ғалымның өміріне арналған «Шоқан Уәлиханов» атты төрт бөлімді көркем фильм түсіріліп, 1984 жылы жарық көрді. Туындыны Асанәлі Әшімов түсірді, басты рөл Сағи Әшімовке бұйырған.

Контекст

Естеріңізге салайық, 12 маусымнан бастап прокатқа шығатын фильмдер қатаң тексерістен өтеді.