Не болды?
Биыл сталкиң бойынша 83, некеге мәрбүрлеу бойынша 19 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ішкі істер министрлігі тергеу департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Амангелді Досжановтың мәжілістегі сөзіне қарағанда, құқық қорғау органдары сталкиң пен некеге мәжбүрлеуге қатысты қылмыстық жауапкершілік пен жаңа баптарды қолдану тәжірибесін қалыптастырып жатыр.
Қазір сталкиң бойынша 83 қылмыстық іс сотқа жолданды. Ал некеге мәжбүрлеу бойынша – 19 іс. Біз әр дерек бойынша дер кезінде қылмыстық іс қозғап, мән-жайды мұқият тексереміз. Алайда тергеу кезінде екі тарап өзара келісімге келіп, ерікті түрде әрекет етсе, іс сотқа жіберілмейді. Мысалы, қалыңдық ұрлау дерегі бойынша құқық қорғау органдарына көбіне туыстары хабар береді, – дейді Амангелді Досжанов.
Тергеу барысында зорлық-зомбылық немесе мәжбүрлеу фактісі дәлелденбесе, іс сотқа жолданбайды. Сонымен қатар ол некеге мәжбүрлеу әрекеті еліміздің барлық өңірінде бар екенін, бірақ көбіне оңтүстік пен батыс аймақта жиі кездесетінін айтты.
Контекст
Естеріңізге салайық, жыл басында Алматыда сталкиң бойынша сот кінәлі ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындаған еді.
