Не болды?
Ескі 10 000 теңгелік банкнотты айналымда қолдану мерзімі ұзарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ұлттық банктің мәліметінше, ескі 10 000 теңгелік банкнотты айналымда қолдану мерзімі 2027 жылғы маусымға дейін ұзарды. Бұл шешім Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысы бойынша қабылданды. Ескі нұсқа «Сақ стиліндегі» жаңа банкнотаға кезең-кезеңімен ауысады.
Жаңарту кезеңі аяқталған соң барлық банк пен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі банкнотаны жаңа үлгідегі банкнотаға тағы үш жыл бойы айырбастайды, ал ұлттық банктің филиалдары мерзімсіз ауыстырады, — делінген хабарламада.
Жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүргенде еліміздің барлық аймағында төлем мен аударым жасауға болады. 10 000 теңге екі нұсқада да заңды төлем құралы болып есептеледі.
Контекст
Естеріңізге салайық, былтыр 1 000 теңгелік банкнот жаңа дизайнмен айналымға шыққан еді.

