Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бүгін қысқы паралимпиаданың ашылуы өтеді

Фото Getty Images
Бүгін, 6 наурызда Италияның Милан және Кортина қалаларында қысқы паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Дүбірлі дода 6–16 наурыз аралығында жалғасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 600-ден астам спортшы 79 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Қазақстан құрамасы

Қазақстан құрамасы паралимпиадаға жеті спортшыны жіберді. Олар медаль үшін екі спорт түрінде — парабиатлон мен парашаңғы жарыстарында бақ сынайды. Жарыстар Солтүстік Италиядағы арнайы спорт нысандарында өтеді.

Еліміздің намысын қорғайтын спортшылар:

  • Ербол Хамитов

  • Александр Герлиц

  • Сергей Усольцев

  • Юрий Березин

  • Владислав Кобаль

  • Нұрлан Әлімов

  • Анна Грачева

Жарыс бағдарламасы

Қазақстанның спортшылары келесі күндері сынға түседі:

  • 7 наурыз — парабиатлон, спринт жарысы

  • 8–10 наурыз — әртүрлі қашықтықтағы шаңғы жарыстары

  • 11–13 наурыз — парабиатлон жарыстары

  • 14–15 наурыз — шаңғы жарыстарындағы финалдық кезеңдер

Соңғы жарыстар 15 наурызда өтеді. Ал 16 наурыз күні паралимпиада ойындарының ресми жабылу салтанаты ұйымдастырылады.

Тікелей эфир

Қазақстанның көрермендері ашылу салтанатын Астана уақыты бойынша 23:50-ден бастап Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Exit mobile version