Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылған Jas Stars атты ауқымды жастар концерті өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
5 мыңнан астам көрерменнің басын қосқан дүбірлі кеш заманауи технология, өнер және азаматтық белсенділіктің бірегей алаңына айналды.
Думанды кешке жастар ұйымдарының өкілдері, белсенді еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Сахна төріне шыққан спикерлер ел өміріндегі маңызды шешімдерге бейжай қарамаудың қажетін айтып, алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның мемлекет болашағы үшін айрықша мәні бар екенін атап өтті. Кештің басты эксклюзиві – көпшілікті таңғалдырған ерекше кейіпкерлер: робо-DJ Темірбек пен алматылық барыс Әділет. Олар тек би билеп, жұртты көңілдендіріп қана қоймай, көрерменмен тікелей байланыс орнатып, ортада ерекше рух пен бірлік атмосферасын қалыптастырды, — делінген хабарламада.
Темірбек пен Әділет жастарды азаматтық белсенділік танытуға және алдағы референдумда жаңа Конституцияны қолдауға шақырды.

