Таяу Шығыс бағыттарына рейстердің уақытша тоқтатылуына байланысты Air Astana компаниялар тобы өңірде қалып қойған жолаушыларға қолдау көрсету іс-шараларын жүзеге асырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қонақүйлерге уақытша орналастырылған жолаушылар саны мынадай:
-
Доха — 174 жолаушы;
-
Дели — 231 жолаушы (Алматы — Дубай рейсі);
-
Дубай — 330 жолаушы.
Барлық жолаушыға бір тәулік тегін тұру мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар Дубайдағы Flora Al Barsha және Flora Creek қонақүйлерінде тегін тұру мерзімі аяқталғаннан кейін Air Astana жолаушылары үшін арнайы тарифтер ұсынылады. Қонақүйде тұру мәселесі немесе репатриациялық және құқықтық сұрақтар туындаған жағдайда, жолаушыларға Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің жедел байланыс желілеріне хабарласу ұсынылады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына соққы жасады. Трамп Иранды ядролық бағдарламасын дамытып жатыр деп айыптап, елдің ракета өнеркәсібін жою ниеті барын да жеткізді. Әуе шабуылдарынан кем дегенде 201 адам қаза болды.
Иран АҚШ пен Израильдің өз аумағына жасаған соққыларына жауап ретінде Израильге ондаған зымыран жіберді.
Мемлекеттік ақпарат құралдары аятолла Әли Хаменеиді Тегерандағы өз резиденциясында өлтірді деп таратты. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.
Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстандағы барлық күш құрылымы тәуліктік жұмыс кестесіне ауыстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Араб елдерінің басшыларына хат жолдап, көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Қазақстанның Ирандағы елшілігі тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желісін іске қосты.

