Басты бет Жаңалықтар Мəскеу бағытындағы əуе рейсі ашылды-Көкшетау

Мəскеу бағытындағы əуе рейсі ашылды-Көкшетау

Бүгіннен бастап Көкшетауға Мәскеуден ұшақтар қатынайтын болды. Алғашқы рейсті қала әкімі Ермек Маржықпаев, облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырxанов, әуежай әкімшілігі мен журналисттер қарсы алды.

Осы күні Көкшетау əуежайы арқылы Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Алматы-Көкшетау-Алматы бағыттарында аптасына екі рет ішкі әуе рейстері қатынайды.

Оған қоса, ағымдағы жылдың 5-ші мамырынан бастап, Шымкент-Көкшетау-Шымкент əуе бағыттары қалпына келтірілді. Бұл рейстері аптаның жұма жəне жексенбі күндері СКАТ əуе компаниясының CRJ-200 əуе кемелері арқылы жүзеге асырылады.

Бұл жолы Көкшетау халықаралық əуе жайы арқылы əр жексенбі сайын «Авиакомпания S7» əуе компаниясының Airbus A320 жайлы самолеттері арқылы Мəскеудің «Домодедово» əуежайына тікелей əуе рейсі ашылып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version