Не болды?
Бүгін әлеуметтік желіде және кейбір сайтта Kaspi Gold картасының жылдық қызметі 1 995 теңгеден 10 мың теңгеге өсті деген ақпарат тарады. Kaspi.kz бұл ақпарат туралы ресми мәлімдеме жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
10 ақпанда Kaspi банк ресми сайтында аударымдардың жалпы шарты туралы ережеге өзгеріс енгенін хабарлады. Құжатта 2026 жылғы 31 наурыздан бастап Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету ақысы, картаны қайта шығару және басқа да қызметтер 10 мың теңге болатыны жазылған еді.
Желіде түрлі ақпарат тараған соң директор кеңесінің шешімі бойынша, құжатқа түзету енді. Қазір құжатта «2026 жылғы 31 наурыздан бастап» деген тіркес жоқ.
Бірінші бағанда шекті (максимал) тариф құны көрсетілген (10 000 теңге). Банк заң бойынша, шекті тарифті ашық жазуға міндетті.
Ал екінші бағанда клиенттер үшін қазір қолданыстағы тариф құны жазылған.
Kaspi.kz-тің жауабына қарағанда, банк клиенттері мен серіктестері үшін тарифтер мен қызмет көрсету шарты өзгермейді. Көрсетілген 10 000 теңге барлық клиентке арналған міндетті төлем емес, ең жоғары сома ғана. Ал тариф өзгерген жоқ: тариф қызмет көрсету шарттарына қарай, 0 теңгеден 1995 теңгеге дейін.
Естеріңізге салайық, жыл басында президент банк туралы заңға қол қойды.
Халық банктерден несие мен ипотека алуды азайтқан.

