Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Тарихта болмаған. Итальян шорт-трекші қысқы олимпиадан он екінші жүлдесін алды

Арианна Фонтана. Фото: ТАСС

Не болды?

Итальян шорт-трекші Арианна Фонтана қысқы олимпиадаға алтыншы рет қатысып, он екінші жүлдесін алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Арианна Фонтана – бірнеше қысқы олимпиадаға қатысқан конькиден шорт-трек жүгіретін әйгілі спортшы. Жасы – 35-те. 10 ақпанда Италия құрамасы шорт-тректен аралас жарыста жеңіске жетіп, бұл спорт түрінен тарихында алғаш рет алтын медаль алды. Осылайша, Арианна Фонтананың олимпиадан алған медаль саны 12-ге жетті. Оның үшеуі – алтын медаль. Ол Милан – Кортина қысқы олимпиада ойындарынан кейін мансабын аяқтауды жоспарлап отыр.

«Осында жүргенім түс сияқты. Бұл жеңіске әлі сенер-сенбес күйдемін», — деді Арианна  Фонтана.

Бұған дейін бұл спортшының еншісінде үш алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде болған. Ол олимпиададағы алғашқы қола жүлдесін 2006 жылы Туринде алған.

Мұндай жағдай қысқы олимпиада тарихында болмаған. Италия спортшысы шорт-тректен ең көп жүлде алған олимпиада чемпионы ретіндегі өзінің рекордын жаңартты.

Италия спортшыларының екінші алтын жүлдесі

Аралас жарысқа Италиядан Арианна Фонтана, Элиза Конфортола, Томас Надалини, Пьетро Сигель қатысты. Бұл – шорт-трек бойынша алғашқы финал және және Италия спортшыларының қысқы олимпиададағы осы спорт түрінен алған  Италия спортшыларының екінші алтын жүлдесі.

Контекст

Естеріңізге салайық, бүгін жеті Қазақстан спортшысы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Қазақстан қысқы олимпиада ойындарынан алтын алған спортшыға 250 мың доллар береді.

Қысқы олимпиада жүлдегерлері медалінің бауы үзіліп кетіп жатыр.

Exit mobile version