Басты бет Жаңалықтар Жазда студенттер еңбекпен қамтылады

Жазда студенттер еңбекпен қамтылады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бейінді жоғарғы оқу орнының 500-ге жуық студенті ЭКСПО-2017 халықаралық арнайы көрмесі кезінде жолаушылар пойыздары жолсерігінің көмекшісі ретінде өндірістік тәжірибеден өтіп, жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Бұлардың дені М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студенттері. Олар пойыз қозғалысы кезінде жолаушыларға сапалы қызмет ету арқылы өз біліктерін шыңдайды.

«Студенттер жазғы демалыс кезінде жолаушылар шаруашылығы қызметін түпкілікті меңгеріп қана қоймай, жақсы тәжірибе жинақтайды. Сонымен қатар ел өміріндегі ерекше маңызды тарихи оқиғаға теміржолшылардың алып командасының мүшесі ретінде ЭКСПО қонақтарына қызмет етуге өзіндік үлестерін қосады»,- дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Қилыбай.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, студенттер 1-маусым мен 31-тамыз аралығында айлық жалақы алып, әрі практикалық тәжірибе жинақтайды.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version