Басты бет Жаңалықтар Telegram төлем жүйесі мен видеоплатформа енгізеді

Telegram төлем жүйесі мен видеоплатформа енгізеді

​Telegram видеоплатформа мен төлем жүйесін енгізбек. Жаңа функциялар Telegram 4.0 нұсқасында пайда болады. Бұл жаңалық компанияның сайтында жарияланды.

Фото: iPhones.ru

Telescope платформасы мессенджерлердегі каналдарға арналған. Ол ұзақтығы бір минут болатын роликтерді түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қолданушылар енді видеохабарламалар жібере алады.  Ал «бот» түймесін басу арқылы тауарға тапсырыс беріп, төлем жасауға болады. Бұл түймені әзірлеушілердің өздері қосады.

Сонымен қатар сайтта Apple Pay төлем жүйесін қолдануға болатындығы айтылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version