Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бірінші класс оқушылары қосымша демалады

Фото: Ерқанат Аманкел

Не болды?

1-класс оқушыларына 9 ақпан мен 15 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

2025-2026 оқу жылы кестесінде осылай жарияланған еді. 1-класс оқушылары үшін 2026 жылғы 9 ақпан мен 15 ақпан аралығында — жеті күн қосымша демалыс беріледі.

Ал жоғарғы класс оқушылары үшін үшінші тоқсан 10 оқу аптасына жалғасады. Көктемгі демалыс 2026 жылғы 19 наурыз бен 29 наурыз аралығында болады. Жалпы, 11 күнге созылады.

Естеріңізге салайық, Қазақстан азаматтары ақпан айында қанша күн демалатынын жазған едік.