Қазақстанның туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманың Италияда өтетін қысқы олимпиада ойындарында киетін формасын таныстырды.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, жұмыс комиссиясы спорттық киім-кешектің эскизін бекіткен, қазір ол Халықаралық олимпиада комитетімен келісіліп жатыр.
Киім-кешек жиынтығына спортшылардың ашылу және жабылу салтанатына қатысуға арналған киім формасы, сонымен қатар спорттық іс-шара кезінде пайдалануға арналған жылы сырт киім кіреді. Сонымен бірге спорттық жаттығуларға, дене қыздыруға және күнделікті қолдану үшін спортшыларға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді. Жалпы, спорттық киім-кешектер жиынтығы 22 атауды қамтиды. Форма бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынды, — деді ол үкімет отырысында.

