Өзбекстанда электронды темекіге тыйым салынды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев заңға қол қойды.
Өзбекстанда электронды темекі айналымына толық тыйым салынды. Көрші мемлекетте электронды темекі өндіргендерге де, сақтағандарға да, тасымалдағандарға да қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Заң бұзғандар үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер адам өз кінәсін мойындап, билік органдарына тыйым салынған өнімдерді өз еркімен тапсырса, жауапкершіліктен босатылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Қазақстанда да вейп сатуға және таратуға тыйым салынған. Елде вейпке тыйым салынса да вейп сататын дүкендер жұмысын тоқтатпаған.

