Қазақстанның электронды үкіметі WSIS Prizes-2017 байқауында жеңімпаз атанды

Қазақстаннан ұсынылған үш жоба – Электронды үкімет, Ашық үкімет және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы WSIS Prizes-2017 халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.

WSIS жеңімпаздарын марапаттау Женева қаласында 12-16 маусым аралығында өтеді. WSIS Prizes-2017 беделді байқауына дүние жүзі бойынша 345 жоба қатысып, ашық дауыс беру мен әділ қазылар алқасының сарапшылық бағасының қорытындысы бойынша 90 жоба өз санаттарының үздік бестік қатарына ілікті.

Аталған байқау 18 санат бойынша өткізілді. «Электронды үкімет» санатында Қазақстанның электронды үкіметі (eGov.kz) және Қазақстанның ашық үкіметі (OpeneGov.kz), ал «Мемлекеттік басқару органдары мен мүдделі тараптардың дамыту мақсатымен инфокоммуникациялық технологияларды қолданудағы рөлі» атты санатында 1414 Бірыңғай байланыс орталығы қатысты. Нәтижесінде отандық жобалар үздік деп танылды.

WSIS Prizes-2017 байқауы 4 деңгей бойынша өткізілді: сұранымдарды қабылдау, сарапшылар тобымен байқаудың номинанттарын анықтау, онлайн дауыс беру жүргізіп әр санат бойынша ең үздік деген бестікті іріктеу, жеңіске жеткен жобаларды анықтау.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version