Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бүгін Атырау мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 5 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау және Ақтөбе қаласында болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version