Басты бет Жаңалықтар Асанәлі Әшімов 80 жасын театрда атап өтті

Асанәлі Әшімов 80 жасын театрда атап өтті

Бүгін Әуезов театрының сахнасында Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының иегері Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтой кеші өтті.

Фото ашық дереккөзден

Асанәлі Әшімовтің мерейлі қуанышына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова арнайы келді. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мерейтоймен құттықтап, Елбасының құрмет грамотасын табыс етті.

Жазушылық қырымен де танылған Асанәлі Әшімовтің бұл кешінде Қазақстанның халық артисі, 100 жастағы Айша Абдуллина, Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин қонақ болды.

Кеш соңында Асанәлі Әшімов жиналған қауымға ақ тілегін арнап, батасын берді. Қазақ театры мен киносының майталманы Асанәлі Әшімовтің бұл мерейтойы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесінде де жалғасады.

Нақтырақ айтсақ, актердің атында Дүниежүзілік театр фестивалі ұйымдастырылып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген театр ұжымдары өз өнерін жиналған қонақтардың назарына ұсынатын болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version