Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Хан-Тәңірі» клубының жас шабуылшысы қаза болды

Фото: ҚФФ
Алматыда матч барысында «Хан-Тәңірі» футбол клубының шабуылшысы Диас Төлеудің жағдайы күрт нашарлап, артынша қаза болды.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Диас Төлеу 2006 жылғы 4 мамырда өмірген келген. Биылғы маусымда 19 матчта алаңға шығып, 1292 минут өткізген. Негізгі құрамда 14 рет шығып, бір нәтижелі пас беріп үлгерген.

Exit mobile version