Ең алғашқы айыппұл көлікті 13км/сағат жылдамдықпен жүргізгені үшін салынған

Жылдамдық арттырғаны үшін ең алғашқы болып айыппұл салынған көлік - Arnold Benz.

Бұл оқиға 1896 жылы Ұлыбританиядағы Кент қаласында болған. Arnold Benz көлігін мінген Уолтер Арнольд көлігінің жылдамдығын 13 км/сағатқа жеткізіп, заң бойынша рұқсат берілген 10 км/сағаттан асырып жіберген. Бір қызығы оны полицейский велосипедпен қуып жеткен. Салынған айыппұл мөлшері — 12 пенс болды.

Ол кезде Ұлыбританияда көліктің алдында қызыл туы бар сигналшы жүріп отыратын. Радар болмаса да, жылдамдықты көбейткені көрер көзге де белгілі болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version