Республика күніне орай Қазақстан азаматтары қанша күн демалатыны белгілі болды.
Биыл Республика күні күні сенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні дүйсенбі, 27 қазанға ауыстырылады. Нәтижесінде Қазақстан азаматтары қатарынан үш күн демалады: 25, 26 және 27 қазан.
2025 жылғы қазан айындағы демалыс күндері:
- Бес күндік жұмыс аптасында: 25, 26, 27 қазан – демалыс;
- Алты күндік жұмыс аптасында: 25, 26 қазан – демалыс, 27 қазан – жұмыс күні.
Жалпы, қазан айында бес күндік жұмыс аптасында тоғыз демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.

