Басты бет Жаңалықтар Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған күдіктілер ұсталды

Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған күдіктілер ұсталды

Фото: polisia.kz
Биыл заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, сонымен қатар 500-ден астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды. Бұл туралы ІІМ хабарлап отыр.

Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан тәркілеу бойынша жұмысты жүйелі негізде жүргізеді. Бұл жұмыс жедел-профилактикалық іс-шаралардың аясында да жалғасады.

Биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде республикалық «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның шеберінде: заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, сонымен қатар 500-ден астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды, қару жасырылған 12 қойма анықталды. Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған алты дана қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді: оның біреуі Калашников автоматы, бір тапанша, екі ойық мылтық және екі тегіс ұнғылы қару, сонымен қатар қызметтік бронежилеттер мен каскалар бар. Азаматтар тарапынан 15 қару өз еркімен тапсырылды.

21 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, онда 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 қыркүйекте Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында ұрланған арнайы мылтық тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, — деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.

Exit mobile version