Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысында ер адам алтын өндіретін кәсіпорынға жасырын кірген

Жамбыл облысында ер адам алтын өндіретін кәсіпорынға жасырын кірген

Фото: 7kun.kz
Жамбыл облысында Мойынқұм аудандық соты күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру фактісі бойынша әкімшілік істі қарады.

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Сот азамат К. 2025 жылғы ақпан айында жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік объект саналатын алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына заңсыз кіргенін анықтады. Сотта К. кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан қатаң жаза кеспеуді сұрады. Оның кінәсі хаттамамен, К.-ның түсініктемелерімен, полиция қызметкерлерінің және компанияның лауазымды тұлғаларының баянаттарымен дәлелденді, — делінген хабарламада.

Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза кесілді. Қаулы заңды күшіне енді.

Exit mobile version