Не болды?
Қазақстанда көшеде валюта бағамы көрсетілген табло ілуге ресми түрде тыйым салынды. Бұл туралы Ұлттық банктің бүгіннен, 9 қыркүйектен бастап күшіне енген қаулысында жазылған.
Мәлімет
9 қыркүйектен бастап қолма-қол шетел валютасын айырбастау операциясын жүргізу қағидасына түзетулер енгізу туралы Ұлттық банктің қаулысы күшіне енді.
Не өзгерді?
- валюта сатып алу және сату бағамдары көрсетілетін ақпараттық стенд айырбастау пунктінің ішінде немесе кассаның жанында орналастырылуға тиіс;
- таблоны сыртқа (ғимараттың қасбетіне, шатыға, көше стендтіне) ілуге тыйым салынады — тек бизнес-орталықта, вокзалда, казинода, әуежайда немесе шекаралық бекетте орналасқан айырбастау пунктіне ғана рұқсат етіледі;
- автоматты айырбастау пунктінде бағамды мониторда көрсетуге болады.