Не болды?
Алматыда 8–12 қыркүйек аралығында желілер жөнделетіндіктен, уақытша жарық болмауы мүмкін. Бұл туралы «Алатау жарық компаниясы» АҚ хабарлап отыр.
Мәлімет
«Алатау жарық компаниясы» АҚ электр жеткізу желісі жөнделетін аудандар мен мекенжайлардың тізімін және күндері мен уақытын жариялады. Тізім мына жерде.
Мамандардың айтуынша, жарық ерекше жағдайда ғана, яғни ауданды басқа энергия көзіне қосу мүмкін болмаса ғана ажыратылады.
Жоспардан тыс жұмыс шығып қалса, желілерді жөндеу күні ауысуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда ғимаратты сәулеттік жарықтандыру үшін 20 мыңнан астам жаңа шам мен торшер орнатылады.