Семейде бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан өрт шықты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
Қою түтін басқан пәтерден өрт сөндірушілер 1990 жылғы туған ер адамды құтқарып, медициналық мекемеге жеткізді. Сонымен қатар көрші пәтерден екі бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Ведомствоның мәліметінше, ер адам улы газдан уланған. Өрттің алдын ала себебі – төсекте темекі шегу.
ТЖМ тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:
- мас күйде темекі шекпеу;
- төсекте темекі шекпеу;
- өшпеген темекіні қалдырмау.