Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда сиыр етінің бағасы посткеңестік елдермен салыстырғанда ең арзан екенін айтты.
Вице-премьердің сөзіне қарағанда, шетелде қазақстандық ет 10-12 доллар тұрады және мейрамханалар мәзірінде «Қазақстаннан әкелінген ет» деп арнайы көрсетіледі.
Бәлкім, әлем бойынша ең арзан сиыр еті бізде сатылатын шығар. Біздің етімізге сұраныс өте жоғары, – деді ол журналистерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар Серік Жұманғарин мал шаруашылығының күрделі жұмыс екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, мал өсіру – үздіксіз еңбекті қажет ететін сала.