Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда есірткі дүкенін ашқан 2 адам Черногорияда қолға түсті

Қазақстанда есірткі дүкенін ашқан 2 адам Черногорияда қолға түсті

Фото: Kolesa.kz
Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Олар ауыр қылмыстарға қатысы бар деп күдіктеліп отыр. Атап айтқанда: есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы мен сатылуы, оларды тұтынуға итермелеу, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында әрекет ету және лауазымды тұлғаға пара беру фактілері.

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер 2024 жылдың басында Telegram мессенджері арқылы жұмыс істеген есірткі және психотроптық заттарды сатуға арналған интернет-дүкен құрған. Қылмыстық схема аясында олар курьерлік жұмыс туралы хабарландыру арқылы сыбайластарды тартқан, сонымен қатар заңсыз әрекеттерді үйлестіріп, қаржыландырумен айналысқан. Қазіргі уақытта ұсталғандар Черногория аумағында қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Exit mobile version