Басты бет Жаңалықтар Талғардағы қылмыс: анасы мен 2 жасар қызы ауруханада жатыр

Талғардағы қылмыс: анасы мен 2 жасар қызы ауруханада жатыр

Видеоның скрині

Не болды?

Талғар ауданындағы Қызыл Қайрат ауылында қылмыскер жәбірленушінің ағасын өлтіріп, екі жасар қызын алып қашқан. Қазір анасы мен қызы ауруханада емделіп жатыр.

Мәлімет

Адвокат Гаухар Сариеваның айтуынша, зардап шегуші – медбике. Оқиға кезінде, яғни оның ағасын өлтірген сәтте, ол көршісінің үйінде онкологиямен ауыратын науқасқа дәрі салып жатқан. 

Талғардағы полицейлердің әрекетсіздігіне қатысты іс қозғалды. 

Контекст

Бір ай бұрын жәбірленуші отбасы полиция қызметкерлеріне көлік жөндеу орталығы қызметкерінің зорлық-зомбылығы туралы шағымданған. Алайда полиция ешқандай шара қолданбаған.

5 қыркүйек күні жәбірленушінің туыстары күдіктіні өз бетінше ұстап алып, полицияға апарған. Алайда полиция қызметкерлері күдіктіні босатып жіберген. 6 қыркүйек күдікті жәбірленуші отбасыға қайтып барып, жәбірленушінің ағасын өлтіріп, екі жасар қызын алып қашып кеткен. 

Кейіннен бала бар көлікпен жардан құлап кеткен. Қыздың тілі жыртылған, операция жасалды.

6 қыркүйек кешкі 18:00 шамасында ІІМ екі жасар қызды құтқарып алды. Күдікті тұтқындалды. 

Exit mobile version