Басты бет Жаңалықтар Президент активтерді қайтару комитетінің атауын өзгертуді тапсырды

Президент активтерді қайтару комитетінің атауын өзгертуді тапсырды

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында комитеттің атауын өзгерту қажетін айтты.

Үкімет инвестиция тарту жүйесін түгел жағырту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар бас прокуратураның активтерді қайтару комитетін инвесторлардың құқығын қорғау комитеті деп өзгерту керек. Бас прокуратура  заңсыз актив иелерімен жақсы жұмыс істеді. Қазынаға 850 миллиард теңге қайтарылды. Оған 10 мектеп, төрт спорт кешені, 235 денсаулық сақтау және 177 сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымы салынды. Республикалық бюджетке қосымша қаржының түсуі де қарастырылып отыр, — деді президент.

Президенттің айтуынша, үкімет инвестиция тарту бойынша стратегияны өзгертіп, қайта қарауы керек.

Елімізде бірде-бір мекеме атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз жолын таппай жүр. Премьер-министр Олжас Бектеновке 10 күн ішінде нақты ұсыныс беруге тиіс, — деді мемлкет басшысы.

Exit mobile version