Басты бет Жаңалықтар Шымкентте 52 адамды алдаған азамат Түркиядан елге қайтарылды

Шымкентте 52 адамды алдаған азамат Түркиядан елге қайтарылды

Фото: Glavk.info
Бірнеше алаяқтық фактісі бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркиядан елге қайтарылды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлап отыр.

Ол 2023 жылы Шымкент қаласында басқа адамдармен алдын ала сөз байласып, интернет-алаңда нарықтық бағадан төмен бағамен автокөлік сатылады деген жалған хабарландырулар орналастырған.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан 52 жәбірленушіге жалпы сомасы 70 миллино теңгеден астам шығын келтірілген, — деп жазылған хабарламада.

Аталған қылмысқа қатысушыларға бұған дейін сот түрлі жаза мерзімін тағайындаған. Ал негізгі күдікті жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланып, ол осы жылдың тамыз айында Түркия аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Ол мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Exit mobile version