«Қазгидромет» РМК синоптиктері 8 қыркүйекте ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 8 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында найзағай ойнап, облыстың шығысында, оңтүстігінде дауыл тұрады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 8 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 8 қыркүйекте түстен кейін найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Астанада 8 қыркүйекте кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 8 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Талдықорғанда 8 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Павлодар облысының батысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ түседі. Павлодарда 8 қыркүйекте найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.