Басты бет Жаңалықтар Президенттің Қазақстан халқына жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: Akorda.kz
Мемлекет басшысы 8 қыркүйекте өтетін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Жиынға сенат пен мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады. Мемлекет басшысының жолдауы сағат 11:00–ден бастап республикалық телеарналардан, сонымен қатар Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі, — делінген хабарламада.

Жолдаудың онлайн трансляциясы Jibek Joly эфирінде, сонымен бірге телеарнаның YouTube арнасында және Kazinform агенттігі сайтында жүргізіледі.

Exit mobile version