Басты бет Жаңалықтар 13 тонна. Ел тарихындағы ең ірі есірткі контрабандасы тәркіленді

13 тонна. Ел тарихындағы ең ірі есірткі контрабандасы тәркіленді

Фото: DALL-E

Не болды?

Алматыда республика тарихындағы ең ірі, cалмағы 13 тонна 183 келі кокаин партиясы тәркіленді. Бұл туралы ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мәлімет

Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталып, қамауға алынды. Олар есірткіні Қазақстан арқылы басқа елдерге тасуды көздеген.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жерасты есірткі зертханасын ұйымдастырған Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталған еді. Ол сот үкімі арқылы сегіз жыл бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін Алматы облысында 4,5 гектар жерге есірткі егілгенін жазғанбыз.

Exit mobile version