Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда YouTube істемей тұр

Қазақстанда YouTube істемей тұр

YouTube скриншоты

Не болды?

Қазақстан мен Ресейде YouTube видеохостиңі істемей тұрғанына шағымданғандар саны күрт артты. Бұл туралы Downradar сайты хабарлап отыр.

Мәлімет

Downradar сайтының дерегінше, YouTube-тің істемей қалғанына шағым Астана уақытымен 15:00-де тіркелді. Ең көп пікір жазғандар – Астана, Алматы, Петропавл, Мәскеу және Санкт-Петербург тұрғындары.

ақау, Ютуб, Youtube
Фото: Downradar.ru

Қазір видеохостиңнің бас беті баяу істеп тұр, видеолар ұзақ жүктеліп жатыр. Қолданушылардың айтуынша, телефондағы басқа әлеуметтік желі істеп тұрса да, Youtube-те «желіге қосылмадыңыз» деген ақау шығып жатыр.

Exit mobile version