Өткен демалыста Астанадағы алғашқы жазғы фестиваль — Abu Dhabi Fest 2025 мәресіне жетті.
Енді бұл іс-шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін жыл сайынғы дәстүрге, ал екі ай бойы Abu Dhabi Plaza креатив орта өкілдері үшін нағыз мәдени ортаға айналды. Апта сайын мұнда шеберлік сағаттары, шығармашылық челленждер, концерттер мен шоулар, ашық аспан астындағы спорт жаттығулары мен кино көрсетілімдері өтті.
Фестиваль жаз бойы жалғасты: тоғыз уикенд, 17 фестиваль күні, түрлі форматтағы іс-шараларға толы болды. Жалпы 18-ден астам іс-шара ұйымдастырылды: таңғы зумбадан бастап кофелік рейвтерге дейін, балаларға арналған спектакльдерден куиз-баттлдарға дейін.
Біз осы маңайда тұрамыз, шілдеден бастап фестивальдің түрлі іс-шарасына барып жүрдік. Әсіресе, әртүрлі бағыттағы белсенділік ұнады: бачата биінен бастап балаларға арналған қойылымдарға дейін. Үйіміздің жанында осындай ауқымды іс-шараның өткені қуантады, апта сайын жаңа әсер аламыз, — деді Мәдина Мұсақызы.

Abu Dhabi Plaza сахнасында 70-тен астам музыкант, дижей және шығармашылық топтар өнер көрсетті.
31 тамызда фестиваль үлкен отбасылық мерекемен түйінделді: Атриумда балаларға арналған ойын-сауық алаңы құрылып, аниматорлар, аквагрим мен қуыршақ кейіпкерлер кішкентай қонақтарды қарсы алды. Сырт алаңда күні бойы музыка әуені үзілген жоқ: DJ-сеттер, live-группалардың концерті, жүргізушілермен интерактив бағдарламалары өтті. Кештің шарықтау сәті әнші Дастан Оразбектің концерті болды — ол рекордтық көрермен жинады.
Фестиваль керемет өтті, көңіл-күй бірден көтерілді. Әсіресеғ көптен күткен сүйікті әртісімді тыңдағаныма қуаныштымын, — дейді Эльмира Ермахан.
Фестиваль ADP Community деген жаңа қозғалыстың бастауы болды. Бұл қозғалыс — шығармашылық, қарым-қатынас пен өзін-өзі көрсету алаңы. Екі ай ішінде жоба 258 860 адамды тартты, олардың ішінде сауда орталығының жаңа қонақтары да бар. Іс-шараны 25 бренд-жалға алушылар қолдап, бағдарламаларға сыйлықтар, ұтыс ойындары, акциялар мен сэмплиң арқылы қатысып отырды. Бұл компанияларға стандартты ритейл шеңберінен шығып, өзін жаңа форматта көрсетуге мүмкіндік берді.
Осындай ауқымды фестивальді ұйымдастырғаны үшін Abu Dhabi Plaza әкімшілігіне алғыс айтамыз. Ұтыс ойындары мен байқаулар ерекше әсер сыйлады. Бұл жаздың ең жарқын оқиғаларының бірі болды. Енді жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл-күймен кірісеміз, — деді Әділхан Төреханов.
Фестиваль форматы табысты болды, тіпті қаладағы басқа алаңдар да Abu Dhabi Fest үлгісінен шабыт алып, ашық аспан астындағы таңғы бағдарламалар мен кино көрсетілімдерін өткізді. Осылайша, Abu Dhabi Plaza Астананың мәдени демалыс орталығына айналды.
Бұл — жаңа дәстүр бастамасы: енді қаладағы жаз дегенде Abu Dhabi Plaza фестивалі еске түседі. Алда талай жаңалық бар, бұл бастамасы ғана.