Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Елдің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:
ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Тиесов Данияр Сүйіншілікұлы – «PTC Holding» ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі, Өзбекстан Республикасы;
«Парасат» орденімен
Жәркешов Санжар Серікбайұлы – энергетика вице-министрі
Наушиев Таңбай Есенәліұлы – еңбек ардагері, Астана қаласы
Сармұрзина Раушан Ғайсақызы – еңбек ардагері, Астана қаласы;
ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
Ян Миньюй – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ президенті, Қызылорда облысы;
«Құрмет» орденімен
Абдулғафаров Дастан Елемесұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
Айболғанов Ғаждыбай Демиұлы – QazaqGaz ҰК АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы» филиалының құбыр жүргізушісі;
Ахметұлы Бақыбай – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы;
Ерболатова Нұрбибі Қоңыршақызы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Өзенмұнайгаз» АҚ жөндеуші-слесарі, Маңғыстау облысы;
Масақбаев Ергеш Молдаразұлы – QazaqGaz ҰК АҚ QazaqGaz Aimaq АҚ Шымкент өндірістік филиалының монтері;
Милехин Юрий Тимофеевич – еңбек ардагері, Атырау облысы;
Сарманов Бисенбай Оңдасынұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының операторы, Атырау облысы;
Стадник Валерий Станиславович – QazaqGaz ҰК» АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» магистральдық газ құбырлары басқармасы» филиалының машинисі, Батыс Қазақстан облысы;
Ушакова Валентина Николаевна – «Каспиймұнайгаз» ҰИЖИ» АҚ жобалардың бас инженері, Атырау облысы;
ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Қадыров Нұржан Есенұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС операторы;
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Абрамчев Владимир Павлович – «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ «Құрманғазы» мұнай айдау станциясының операторы, Атырау облысы;
Әбілхайыров Жолдасқали Серікқалиұлы – «Бұрғылау» ЖШС бұрғылау қондырғысының бастығы, Маңғыстау облысы;
Байбәкіров Қадор Әжібекұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС технологиялық қондырғыларының операторы;
Күншығаров Саламат Мәшекұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС машинисі;
Қуанышқалиев Асхат Насиұлы – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» Қазақстан филиалының инженер-механигі, Батыс Қазақстан облысы;
Меңдіғалиев Қанат – еңбек ардагері, Атырау облысы;
Рожков Сергей Иванович – «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ «Атырау» мұнай айдау станциясының операторы, Атырау облысы;
Сапарғали Сатыбалды Ахтанұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС операторы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Батырбеков Зәкір Тұрданұлы – QazaqGaz ҰК АҚ «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының слесары;
Бисембергенова Мәрия – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының машинисі, Маңғыстау облысы;
Жарлықағанов Тимур Сайынұлы – QHSE-Akbarys ЖШС өңірлік менеджері, Батыс Қазақстан облысы;
Жармақов Мұханбетхали Жанабайұлы – QazaqGaz ҰК АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» магистральдық газ құбырлары басқармасы» филиалының электрмен және газбен дәнекерлеушісі;
Жұбанышев Тұрлан Наурызбайұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жетекші инженер-механигі;
Молдағазин Талғат Тұрахметұлы – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің слесары;
Сейітқали Сәкен Мырзахметұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының операторы, Атырау облысы;
Сүттібаева Бақыткүл Жақсылыққызы – «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистралдық газ құбыры басқармасы» филиалының операторы;
Сыдықов Өмірбай Жұмаділұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС аға инженері, Шымкент қаласы;
Тұрдалиев Асылхан Сыданұлы – «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы» филиалының инженері;
Ұнаева Гүлжан Сағынғалиқызы – «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтау» магистральдық газ құбырлары басқармасы» филиалының электр монтері;
Хегай Дмитрий Афанасьевич – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС аға операторы, Шымкент қаласы;
Шарафиев Раис Рафкатович – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының операторы;
Ізтілеуов Нұрбек Баянұлы – «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қызылорда» магистральдық газ құбырлары басқармасы» филиалының слесары.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.