Басты бет Жаңалықтар Үшқоңыр тауларындағы ірі табиғи өрт сөндірілді

Үшқоңыр тауларындағы ірі табиғи өрт сөндірілді

Фото: ТЖМ
Үшқоңыр тауларындағы ірі табиғи өрт сөндірілді. Өрт 2 қыркүйек күні мемлекеттік жер қорына тиесілі аумақта шыққан.

Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2025 жылғы 2 қыркүйекте Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылдық округінің маңындағы Жандосов ауылының таулы аумағында құрғақ шөп өртенді.

Өртті сөндіру қиын жағдайда өтті. Өрт тау бөктерінде, еңісі 60-80 градусқа дейін болатын қиын жер бедерінде шықты. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, жағдайды одан әрі күрделендірді. Дегенмен, Алматы облысы мен Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) құтқарушылары және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен, үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Exit mobile version