Басты бет Қоғам Биылғы пітір садақаның мөлшері бекітілді

Биылғы пітір садақаның мөлшері бекітілді

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды. Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен қаласында өткен Төралқа Мәжілісінде белгілі болды.

©Көрнекі фото

Әр облыстағы бидайдың бағасы ескеріліп, ортақ мөлшермен бекітілді. Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның, бидайдың құнымен де беруге болады. Егер бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.

Еске сала кетейік, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version