Басты бет Жаңалықтар «Бәйтерек» кешенінің ұшу сынағы биылғы желтоқсанда басталады

«Бәйтерек» кешенінің ұшу сынағы биылғы желтоқсанда басталады

Көрнекі сурет ©Tengrinews.kz

Не болды?

Сенат «Бәйтерек» кешені бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге өзгеріс енгізу хаттамасын ратификациялады. Бұл туралы парламент сенатының аппарат басшысы Максим Споткай Telegram арнасында мәлімдеп отыр.

Мәлімет

Келісім орта класты зымыран тасығышы бар кешеннің ұшу сынақтары басталуын 2023 жылдан 2025 жылға ауыстыруды көздейді. «Союз-5» зымыранын ұшыру сынақтарын 2027 жылға дейін шегеру жоспарланып отыр, — деп жазды Максим Споткай.

«Бәйтерек» кешенінде ұшатын зымырандар саны 2028–2039 жылдары жылына екеуден үшеуге артқан. Алғашқы ұшу сынағы 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр.

Анықтама

«Бәйтерек» – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы. Қазақстан Байқоңырдағы ұшу алаңын жаңғыртады, ал Ресей «Союз-5» зымыранын дайындайды. Қазақстан жобаға 90 млрд теңге инвестициялаған.

Exit mobile version