Басты бет Жаңалықтар Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Нұрназар Әмзе
Бүгін Қазақстанның сегіз қаласында жайсыз метеолрологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

2025 жылғы 3 қыркүйекте Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version