Басты бет Жаңалықтар Алматыда ұрланған заттарды сатумен айналысқандар ұсталды

Алматыда ұрланған заттарды сатумен айналысқандар ұсталды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматыда полицейлер «Скупщик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Нәтижесінде Медеу ауданында ұрланған заттарды сатып алумен айналысқан 22 адам ұсталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Әр дерек бойынша тексеру жүргізіліп, хаттамалар толтырылды.

Криминалдық полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда қалта ұрлығы 2,3 есеге азайған. Сонымен қатар бөтеннің мүлкін ұрлау деректерінің ашылуы жақсарды. Қалада ұялы телефон ұрлығы деректері екі есеге жуық төмендеді.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, «Скупщик» іс-шарасы ұрланған мүлікті қабылдап, сатумен айналысатындарды анықтауға бағытталған.

Дәл осындай адамдар сұраныс тудырып, қылмыстардың жасалуына итермелейді. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар жалғасады, – деді ол.

Exit mobile version