Алматыда жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың (ЖҚАЖ) қызметкері өзін өртеп, қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Оқиға Достық даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында болды. Кәмелетке толмаған екі бала полицияға ойын-сауық орнының жанында ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болып тұрғанын хабарлаған. Хабарлама түскен сәтте полиция оқиға орнына дереу жеткен. Мас күйінде болған ер адам от қойып үлгерген, — делінген хабарламада.
Полиция аға лейтенанты Бекмырза Мұхаметов өртті дер кезінде ауыздықтап, қайғылы жағдайдың алдын алды. Ер адам медициналық бригадаға тапсырылып, оған психолог-дәрігерлер көмек берді.