Басты бет Жаңалықтар «Қайрат» – «Реал» ойынына билет алу тәртібі жарияланды

«Қайрат» – «Реал» ойынына билет алу тәртібі жарияланды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының алдағы матчы қарсаңында жанкүйерлерді сақ болуға шақырды.

Клубтың мәліметінше, билеттерді қолдан жасап, заңсыз сататын жағдайлар тіркеліп жатыр.

Билеттерді тек Freedom Ticketon платформасы мен «Қайрат» ФК-ның ресми сайтынан сатып алуға болады. Үшінші тұлғалардан алынған билеттер жарамсыз болып шығуы мүмкін және матчқа кіруге мүмкіндік бермейді. Жанкүйерлер тек ресми хабарламаларға сеніп, түпнұсқа билет сатып алған жағдайда ғана үлкен футболдың ерекше атмосферасын толық сезіне алады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар стадионға кіру ережелері мен сатылымның басталу күні туралы ақпарат ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде жарияланып отырады.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойын кестесі жарияланды. Алматының «Қайрат» командасы «Реал Мадрид» командасымен 30 қыркүйекте ойнайды.

Exit mobile version