Не болды?
Қазақстан азаматшасы Таяу Шығыс елдерінің бірінде жақсы жұмыс бар дегенге сеніп, Оманға ұшып кеткен. Алайда оны шақырған шетел азаматы әйелді еңбекке пайдаланбақшы болған. Бұл туралы Алматы прокуратурасы хабарлап отыр.
Мәлімет
Қазақстан тұрғыны интернет арқылы ұзақ уақыт Ханифа деген шетел азаматымен сөйлесіп жүрген. Ханифа әйелге Таяу Шығыс елдерінің бірінде жалақысы жақсы жұмыс ұсынып, көмектесуге уәде берген. Нәтижесінде әйел отбасына хабарламай, өз еркімен Оманға ұшып кеткен.
Қазақстан азаматшасы ҰҚК, Интерпол және Қазақстанның Омандағы елшілігі көмегімен әуежайда ұсталды. Сол күні елге қайтарылған.